15.11.2023, 9:45
Оқылды: 42

Қазақстандық төреші ХТФ арнайы сыйлығына ие болды

Қазақстандық төреші Меруерт Кәукеева Халықаралық теннис федерациясынан (ITF) арнайы сыйлыққа ие болды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

kazakstandyk_toreshi_1699949011

Меруерт Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде мінбедегі рефери ретінде қызмет етті.

Ұйымдастырушылар қазақстандық қазыға арнайы ескерткіш медаль табыс етті. Осылайша, командалық әлем чемпионатына тек қазақстандық ойыншылар ғана қатысып қойған жоқ. Төреші де болды.

Қазақстанда төрешілікті дамыту бағдарламасы екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Біріншісі – жаңа кадрларды тарту жолымен ұлттық санаттағы қазыларды тәрбиелеу, оқыту. Екіншісі – халықаралық деңгейдегі реферилерді дайындап шығару. Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санатындағы халықаралық төрешілер сапында Юлия Игнатченко мен Меруерт Кәукеева бекіді. 2020 жылы Юлия мен Меруерт WTA-ның ең талантты қазы әйелдер командасы құрамына кірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале