15.11.2023, 11:15
Оқылды: 49

Тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейгеннен кейін төрт ай ішінде жауапқа тартылғандар саны артқан

Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне кеңінен сараптама және қоғамдық талқылау жасауға бастамашы болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

f8b3e6126ab4025b7e4d1cf05f7774a2_1280x720

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті.

a12f3cd71d514b57f2f74b7355f7cb60_1280x720

Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қазіргі қоғам үшін аса маңызды міндеттердің біріне айналғанын айтты.
Ол азаматтық сектор мен қоғамдық пікір көшбасшыларының осы жағымсыз құбылыспен күресудің тиімді шараларын әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылданды. 1 шілдеден бастап полиция арыз күтпей, құқық бұзушылық анықталған кезден іс қозғайды. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Ол үшін куәгерлердің, көршілердің жауаптары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркеуіш жазбалары жеткілікті болады.

Біз нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу арқылы жұмысты күшейтуіміз керек. Ұлттық комиссия басымдықтарды анықтауға бағытталған бірнеше бастамалар мен жобаларды ұсынды», - деді ұлттық комиссия төрағасы.

1 шілдеден бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейгеннен кейін 4 ай ішінде жауапқа тартылғандар саны артқан.

Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапқа тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жеткен. Биыл 60 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың ескерту жасалды. Құқық бұзушылардың мінез-құлқын түзету үшін сот арқылы 12 мың ерекше талап қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу 20%, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар 4,2%, ауыр қылмыстар 12% төмендеген.

Комиссия мүшелері алдын алу мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне тоқталып өтті.

25 қарашада басталатын «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, ауқымды іс-шаралар жүргізіледі.

«Біз үшін құқық бұзушыларды жазалап қана қоймай, осы қылмыстардың қайталануын болдырмайтын жүйе құру маңызды. Бұл біздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі шешуші сәт. Біз қоғамымыздағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесіп және дәйекті түрде әрекет етуіміз керек», - деді Аида Балаева.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау үшін бірқатар сараптамалық кездесулерге бастама жасау туралы шешім қабылдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале