17.08.2016, 10:50
Оқылды: 28

Зеленовта «Халыққа жол» марафоны өтті

_DSC0030Зеленов ауданы орталығында «Халыққа жол» марафоны өткізілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған шараны аталмыш бөлім басшысы Т. Төлепқалиев ашып жүргізді.

Жиын басында -«Халыққа жол» марафонының өткізілу тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Марафон 2016 жылдың 15 маусымда басталды және 15 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Аталмыш мерзім ішінде біздің мамандарымыз мемлекеттік қызмет көрсетілу тәртібі, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, әлеуметтік көмек пен қолдау  түрлері, оның ішінде «Өрлеу» жобасы бойынша және оларға қол жеткізу механизмдері, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүрзілетін жұмыстар жайында барынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар тарататын болады,-деген Т. Қажымұратұлынан кейін аталған бөлім басшысының орынбасары Г.Жучкова, бас маман В. Долина, әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі Л. Коровина сияқты білікті мамандар сөз алып, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілер әлеуметтік көмектер мен мемлекеттік қызметтер жайында толық түсінік беріп өтті. Содан соң жиынға келген әр азамат өздерінің ұсыныстарын айтып, мазалаған сұрақтарын қойды. Барлық ұсыныстар мен сұрақтарды мұқият тыңдаған бөлім мамандары әрқайсысына толық әрі нақты жауаптарын берді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале