17.11.2023, 16:00
Оқылды: 27

Жеке кәсіпкер қызметкеріне үй алып берді

Жаңақала ауданына қарасты С.Меңдешев ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Алпамыс Қаменов қызметкері, жас отбасы Қайырғали Хайырлиевке үй алып берді.

image-17-11-23-01-56-2

 Баспананы табыстау шарасына ақсақалдар бастаған ауыл тұрғындары жиналды.

Салтанатты жиында сөз алған ауылдық округ әкімі Абзал Ахметов жас отбасын құттықтап, жергілікті тұрғындар атынан игі істің себепкері болған қайырымды жан Алпамыс Сүлейменұлына алғысхат табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Аталмыш ауылдың аналар кеңесінің төрайымы Маржан Әбуқызы ауылдың жомарт азаматына аналық алғыс білдіріп, шаңырақ иесіне тілегін айтты.

image-17-11-23-01-56-1

 Содан соң жеке кәсіпкер үйдің кілтін табыстап, ауыл аналары шашу шашты.

Қуанышты сәтке жайылған дастарханға ауыл ақсақалы Жақсығали Аюпов құран оқып, жиналған жұрт шаңыраққа құт-береке тіледі.

- Отбасымда үш балам бар. Екеуі мектеп жасында, жолдасым жұмыссыз.Тұрақты мекенжай болмағаннан кейін балалар Пятимар ауылында оқитын. Енді қасымызда, осы ауылдың мектебіне барады. Алпамыс Сүлейменұлына алғысым шексіз, - деп Қайырғали Батырғалиұлы ризашылығын толқыныспен жеткізді.

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале