20.11.2023, 11:45
Оқылды: 38

БҚО әкімі жолдың сапасын сынға алды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданына барды.

Алдымен аймақ басшысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылына кіретін жолдың құрылысымен танысты.  Жолдың құрылысы тек жақында басталған. Нариман Төреғалиұлы жолдың сапасын сынға алды.

аким каратобе (5)

- Мына жолдың сапасы сын көтермейді. Неге бірден дұрыс жұмыстанбайсыздар. Мемлекеттік бақылау барын ұмытпаңыздар. Ауылдың халқы үшін сапалы, тақтайдай тегіс жол салып беріңіздер, бақылаушы орган дұрыстап қадағаласын, - деді Нариман Төреғалиев.
Бұдан әрі аймақ басшысы "Ауыл аманаты" жобасы аясында салынып жатқан мал ұстауға арналған орынның жұмысын көрді.

аким каратобе (6)
- Мемлекеттен 21 миллион ақша алып, осы орынды салып бастадық. Асыл тұқымды мал алуға деп 11 миллион субсидия алдым. Ол ақшаға Ақтөбе облысынан сүтті, етті тұқымды 55 сиыр мен екі бұқа алдық. Мемлекеттің қолдауын сезініп жатырмыз. Дегенмен қиындық та жоқ емес. Бізге қажетті техникалар алуға көмек болса дейміз, - дейді "Жеңіс Ерхан" шаруа қожалығының жетекшісі Жеңіс Исатаев.

аким каратобе (8)

Жеңіс Исатаев қазір ауылдың төрт тұрғынын жұмыспен қамтып отырғанын айтады.

аким каратобе (7)
Қоскөл ауылында болған облыс әкімі Нариман Төреғалиев ауылдағы амбулаториялық пункттің ішін аралап көрді.

аким каратобе (3)

Белгілі болғанындай Қоскөл ауылындағы амбулаториялық бөлімшеге күрделі жөндеу қажет екен. Аймақ басшысы алдағы жылы күрделі жөндеуге тиісті қаражат бөлінетінін жеткізді.

аким каратобе (2)
Дәл қазір облыс әкімі Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр.

аким каратобе (1)

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале