25.11.2023, 21:01
Оқылды: 70

Күміс және қола жүлдегерін қарсы алды

Қараша айының 17-21 күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында қол күресінен (армрестлинг) Азия кубогі өткен болатын. Атаулы дүбірлі додаға Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрқат Нысановтың шәкірті Мансұр Мағзом қатысып, жас-жеткіншектер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде (оң қолдан) күміс және (сол қолдан) қола жүлдеге ие болды.

IMG_0619

Бүгін ауылға келген қос жүлде иегері Мансұр Мерболұлын жерлестері қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы Мансұрдың спорттағы жетістіктеріне тоқталып, жас жүлдегерді қос жүлдені жеңіп алуымен құттықтады.

IMG_0622 (1)

Мансұрды қарсы алуға келген әжесі Гүлайым апа: «Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Немерелерімінің бәрі де атасы сияқты спортқа бейім. Қаршадайынан түрлі жарыстарға қатысып, өздерін шыңдап келеді. Алған бағытынан тайынбай, өзінің спортқа деген құштарлығының арқасында Мансұрымның осындай дәрежеге жеткеніне баршамыз ризамыз. Балаларымыз осындай биіктерден көріне берсін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, – деді.

IMG_0623 (1)

Еңбегін ақтаған шәкіртіне зор ризашылығын білдірген ұстазы Нұрқат Нысанов, алдағы уақытта да Мансұрдың түрлі деңгейдегі додаларда жеңімпаз атанатындығына үлкен сенім артатындығын жеткізді.

IMG_0628 (1)

Мансұрдың осындай үлкен жарысқа қатысуына жол ашқан, Батыс Қазақстан облысының команда жетекшісі, Гір спорты және қол күресі федерациясының Президенті Мұрат Қолғанатұлына алғысын білдірді.

                                                                                    Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале