Бала зорлағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Елімізде Балалар қауіпсіздігі туралы заңға 55 өзгеріс енгізілді.
Фото: Динара Зәкиеваның facebook парақшасынан
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева заңдағы өзгерістердің негізгілерін атап өтті.
Олар қандай өзгерістер?
- Балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты татуласу рәсімі алынып тасталды;
- Балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
- Балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды.