Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара Қытай ұлттық-азаттық армиясы ұлттық қорғаныс академиясының қорғаныс мәселелерін зерттеу жөніндегі халықаралық институтында өтті.
Қазақстанның атынан форумға Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – «Қарулы Күштер Бас штабы академиясы» факультетінің бастығы генерал-майор Асқар Жоламанов пен Бас штаб Жедел жоспарлау департаментінің басқарма бастығы полковник Мұрат Өтешқалиев барды.
Форумда Қытайдың жаһандық бастамалары, сондай-ақ Шанхай қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.