3.12.2023, 21:45
Оқылды: 12

Асан ауылында бұрымды волейболшылар біріншілігі өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылында волейболдан қыздар арасында аудандық біріншілік ұйымдастырылды. 

IMG_7989

Оған Атамекен, Махамбет, Көшім, Переметный, Мичурин ауылдық округтарының және "Жігер" волейбол клубы командалары қатысты.

Жарыс барысында командалар екі топқа бөлінді. Бірінші топтан келесі айналымға переметныйлықтар мен «Жігер» шықса, екінші топтан Көшім мен Мичурин жақсы нәтиже көрсетті. Осы төрт команда бір-бірімен ойнап, финалға «Жігер» мен аудан орталығының командасы жолдама алды.

IMG_8006

Тартысты өткен ақтық сында переметныйлықтар үздік деп танылды. Ал аталымдар бойынша переметныйлық Айнагүл Наурызғалиева "Үздік қорғаушы", көшімдік Аружан Нәсіпқалиева "Үздік шабуылшы", мичуриндік Альфия Серікқали "Үздік байланыстырушы", "жігерлік" Зарина Нұртаева "Үздік ойыншы" деп танылды.

                                                             

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

Мичурин ауылдық округі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале