19.08.2016, 15:56
Оқылды: 80

Тасқалада «Алимент төле!» акциясы өтті

Aliment     17 тамызда прокурордың көмекшісі К.Гайсин, мемлекеттік сот орындаушысы Д.Махашева, учаскелік инспектор, аудандық әділет басқармасының, жастар ресурстық орталығының және «Намыс» қоғамдық бірлестігінің мамандарының қатысуымен «Алимент төле!» акциясы өтті.


Акция барысында адамдар көп жиналатын мекемелер қамтылып, «Алимент төле!» үндеу парақтары таратылды. Сот орындаушысы Д.Махашева алимент өндіру тәртібін, сонымен қатар борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы түсінік берді және жұмыссыздық құжаттардың атқарылуына тікелей әсер ететінін айтты.

                 Айта кететін болсақ, Тасқала аумақтық сот актілерін орындау бөлімінде 120-ға жуық алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс тіркелінген. Оның ішінде 30-ға жуығы ғана тұрақты жұмыста жасайды. Алимент мөлшері сәйкесінше жұмыс жасайтын борышкердің тапқан жалақысынан бір балаға 25%, екі балаға 33%, үш балаға 50%-дан ұсталынады. Ал, егер борышкер жұмыс icтeмeсе немесе оның жалақысын растайтын құжаттар болмаса, ай сайынғы алимент төлеу мөлшері еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшерi бойынша анықталады. алиментӘрбір азамат өзінің борышкерлер қатарында бар жоқтығын тексеру үшін интернет желісі бойынша борышкерлердің бірыңғай тізіліміне  ЖСН енгізу арқылы тексере алады.

             ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша өткен жылы 8, ал биыл 9 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық борышкерлер сотта жазықты деп танылып, Тасқала ауданының ішкі істер бөлімінде 1 тәуліктен 5 тәулік аралығына қамауға алынған.

 

 

Динара Махашева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале