Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында белгілі драматург Дональд Ли Кобурнның «Ойыннан от шығар…» трагикомедиясының премьерасы өтеді.
⠀
Әйгілі американдық драматург Дональд Кобурнның шебер актерлік өнерді қажет ететін пьесасы әлемнің көптеген театрларында қойылған. Енді атақты туындыны Ермек Аманшаевтың қазақ тіліне аударуының арқасында қойылымды Алматы тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
⠀
«Ойыннан от шығар…» трагикомедиясының режиссерлері Ермек Аманшаев пен Алма Кәкішева. Виллер Мартин рөлін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов ойнайды. Фонсия Дорси рөлін Мұхтар Әуезов атындағы театрының актрисасы Нұржан Бексұлтанова ойнайды.
⠀
«Әрқайсымыздың бір эгоизм эголарымыз өзімшілдігіміз бар, бірақ біз оны көрмейміз де содан осындай бір нешетүрлі психологиялық катастрофаларға ұшыраймыз. Осы жөнінен келгенде бұл спектакль өзекті. Себебі адамдар енді мен кіммің деп ойлану керек», - дейді режиссер Алма Кәкішева.
Спектакль 7 желтоқсан және 23 желтоқсан күндері болады.
⠀