Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Фото: Olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Хорватия астанасы Загребте өткен ISU Challenger санатындағы Golden Spin турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды.
Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 235,29 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алтын медальді әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Цзинь Боян иеленген.
Оның қорытынды ұпайы - 258,67.
Үздік үштікті эстониялық Александр Селевко тұйықтады - 224,24 ұпай.
Айта кетелік, Михаил Шайдоров жақында өткен Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын.