14.12.2023, 17:45
Оқылды: 78

Желтоқсан оқиғасы қалай бағаланып отыр?

Желтоқсан туралы жаны шырылдап алғаш ашық пікірін білдірген адамның бірі - қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов еді.

Jeltoqsan

Ол өзінің «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романының бірінші кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне алғаш рет баға береді.

«Желтоқсан оқиғаларындағы» маңызды мәселелерді есте сақтау қажет дейді. «Ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді» деп сипаттайды.

Ал Желтоқсанды зерттеуге ат салысып жүрген көрнекті журналист Т.Данияров: «Желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызбен үндеседі» деп санаса, «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т.Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс» деп таныды.

Өйткені сол кезде Кеңестік қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл тұста тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойғамаған еді.

Біз бүгінде 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс жастардың ертеңге ұмтылған азаттық күресі болды деп толық айта аламыз.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале