18.12.2023, 10:30
Оқылды: 83

Бөкейде мейрамхана ашылып, ас берілді

Аудан орталығында "Нұр-Али" мейрамханасы ашылды. Бұл Бөкей жұртшылығына танымал, мал шаруашылығына қоса басқа да түрлі кәсіптің тізгінін тең ұстаған​ ерлі-зайыпты Елтай Қонақбаев пен Бибігүл Жұмағұловаға тиесілі.​ 

IMG-20231217-WA0044

Сайқындағы тұңғыш мейрамхана 300 орынға лайықталып, заманауи үлгіде салынған. Бұған қоса 100 орындық банкет залы да қарастырылған.

IMG-20231217-WA0040

Мейрамхананың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

IMG-20231217-WA0062

- Заман талабына сай салынған мейрамхана – бүгін күннің сұранысы. Кәсіптерін жаңа арнаға бұрып, ауыл тұрғындарының талабына, сұранысына қарай үлкен қызметті қолға алған кәсіпкерлерімізге табыс тілеймін. Кәсіп қыламын деген азаматтарымызға Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Мүмкіндік те мол. Осындай жақсы іс бастау басқа кәсіпкерлерімізге де жұғысты болсын, - деді.

IMG-20231217-WA0067

Өз кезегінде сөз алған ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Рақымжан Шакиржанов:

- Сәні келіскен той сарайында тек жақсылық болсын! Ісіңізге сәттілік тілеймін! - деп көпшіліктің тілегін жеткізді.

- Бүгінгі қуанышымызға ортақтаса келген ауыл тұрғындарына алғысымызды айтамын. Жаңа кәсіпті үлкендердің ақ батасын алып бастауды жөн көрдік, -деп мейрамхана қожайыны Елтай Қонақбаев көпшілікке "қош келдіңіз!" айтты.

Ғимараттың лентасын аудан басшысы Нұрлыбек Даумов пен кәсіпкерлердің анасы Жұмағаным Калакушева кесіп, шашу шашылды.

IMG-20231217-WA0072

Су жаңа мейрамханада ұлт үшін ұлық мереке құрметіне, әрі жаңа кәсіптің игі бастамасы ретінде ауыл үлкендеріне дастархан жайылды.

IMG-20231217-WA0064

IMG-20231217-WA0047

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале