21.12.2023, 16:00
Оқылды: 252

Шаңғы теуіп, домбыра шерткен қыз жұртты таңғалдырды

Желіде шаңғы теуіп, домбыра шерткен қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

75705611-11d7-4ba3-a197-e339a4bb7220

Фото: видеодан кадр

Бұл видео әлеуметтік желіде 17 сағат ішінде 26 мыңға жуық қаралым жинаған. Қыз "Алаш аманаты" күйін орындады.

"Алғаш рет шаңғы теуіп, домбыра шертетін боламын. Менің ойымша, шаңғымен домбыра шертетін бірінші қазақстандықпын. Келе жатқан мейрам құтты болсын!" - дейді қыз видеода.

Желі қолданушылары қызға тәнті болып, пікір қалдырған.

"Сендер отырып шерте алмайсындар, ал тәтеміз шаңғымен теуіп, шертіп тұр. Жарайсыз", "Керемет ойнайды, шаңғымен жүріп домбыра шерту ешкімнің қолынан келе бермейді, жарайсыз, қаракөз қазақтың қыздары аман болсын", "О, керемет қызым. Алламның саған нұры мен шапағаты төгілсін", "Ботам, рақмет, дәстүріңді дәріптей бер, алға", - деп жазған олар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале