30.12.2023, 14:34
Оқылды: 120

Сырымдық Санат Берсебаев “Еңбек ардагері” атанды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бір топ спорт ардагерлерін салтанатты түрде қабылдады.​

b218bb54-6e56-411e-9553-5d4d69c27e96

Әкім мен спорт мамандары Батыс Қазақстан өңіріндегі чемпиондар мектебінің жұмысын жалғастыру, кенжелеп қалған спорт түрлерін дамыту, спортшыларға қолайлы жағдай жасау жөнінде сұхбат құрды.

89749575-0605-4293-b0d5-3312ee209edc

Кездесу соңында өңір басшысы Нариман Төреғалиев ардагерлерді Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің "Еңбек ардагері" төсбелгісімен марапаттады. Олардың арасында белгілі бапкер, сырымдық Санат Берсебаев та бар.​

Айта кетейік, марапат қызметінде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген мамандарға ұсынылып отыр.​

Санат Берсебаев ұзақ жыл Сырым ауданындағы қазіргі А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек етті. Оның шәкірттері ​ Батыс Қазақстан облысында самбо, қазақ күресі жарыстарында барлық салмақ дәрежесі бойынша чемпион болып жүрді. Бапкердің бұл жетістігі әлі күнге қайталанған жоқ.

Санат ұстаздың «ұстаханасы» халықаралық дәрежедегі бір спорт шеберін, Қазақстан Республикасының жеті спорт шебері, дзюдо күресінен үш, қазақ күресінен бес спорт шеберін дайындады. Сонымен қатар самбо, дзюдо, және қазақ күресінен Қазақстан Республикасы, ТМД, Балтық жағалауы және Азия құрлығының жеңімпаздары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін шығарды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы​

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале