3.01.2024, 12:45
Оқылды: 41

OLX сайты арқылы жоқ билеттерді сатқан азамат құрықталды

"Астана полицейлері OLX сайты арқылы жоқ билеттерді сатқан азаматты құрықтады", – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

телефон

Алматы қаласының тұрғыны OLX сайтында әуе және пойыз билеттерін сатумен айналысатын қылмыстық кәсіп ұйымдастырған. 2023 жылдың сәуір айынан бастап ол жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы ақпаратты жариялаған.

Осылайша, Алматы аудандық полиция басқармасына елорда тұрғыны хабарласып, әуе билеттерін сатамын деген желеуге сеніп, белгісіз біреуге 100 мың теңге аударып жібергенін хабарлаған. Астана тұрғыны айтқандай, ол 10 билет алуды жоспарлаған. Жәбірленуші күдіктеніп, билеттерді күтпестен полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер алаяқтықпен айналысты деген күдікпен Алматы қаласының 41 жастағы тұрғынының құрықтаған. Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккендердің кім екені анықталып жатыр.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы тауар сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале