4.01.2024, 17:30
Оқылды: 74

Жаңа жыл қарсаңында бөліп төлеуді рәсімдеу: артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Кәсіпкерлер үшін кез келген мереке күндері, әсіресе Жаңа жыл қарсаңы сатудан жақсы кіріс алу үшін тиімді маусым.

WhatsApp Image 2024-01-04 at 15.06.16

Адамдар өздеріне және жақындарына сыйлық сатып алып, алдағы демалыстарға дайындалады. Тұтынушылар қарыз алмай немесе депозиттегі ақшаны пайдаланбай, бірден үлкен соманы бермейтінін түсінсе, сатып алу туралы бірден шешім қабылдайды. Сондықтан бөліп төлеудің негізгі артықшылығы қымбат тауарды өзіңнің қаржылық жүктемеңді тепе-тең бөле отырып сатып алу. Сонымен бірге қағазда көптеген құжаттарды ресімдеп, банк кеңсесіне барудың қажеті жоқ – барлығы банк қосымшалары арқылы ресімделіп, бірнеше минут уақытты ғана алады.

Сонымен бірге егер сіз кезекті төлемді уақтылы енгізбесеңіз, бөліп төлеу автоматты түрде тұтынушылық кредитке айналатынын ұмытпаған жөн.

Бөліп төлеудің басты артықшылығы:

  • пайыздар бойынша артық төлемнің болмауы;
  • қажетті сомасы болмай, көлемді және қымбат сатып алуды ресімдеу мүмкіндігі;
  • сатып алынатын тауарды бөліп төлеу ресімделген сәттен бастап пайдалануға болады;
  • қолайлылық – сізге құжат жинап, банкке жүгінудің қажеті жоқ, бәрі бірден қосымшада немесе онлайн-дүкенде жасалады;
  • бөліп төлеуді ресімдеген кезде кепілгерлер мен кепілдің қажеті жоқ;
  • кредит тарихы не есепке алынбайды, не ол бойынша талаптар тұтынушылық немесе ипотека бойынша талаптарға қарағанда едәуір төмен.

Бөліп төлеудің басты кемшілігі:

  • сатушы тауар бағасын алдын ала көтеріп алып, содан кейін бөліп төлеп алуға ұсынатын жағдайлар болуы мүмкін;
  • бөліп төлеу үшін ай сайынғы жарна айтарлықтай болуы мүмкін – ол сатып алған затыңызға және сатушының талаптарына байланысты;
  • пайыз бойынша артық төлемнің болмауы жалған сезім туындатады, бөліп төлеу сатып алудың ыңғайлы тәсілі болып көрінеді. Бұл ақшаны оңды-солды жұмсауға әкеп соғуы мүмкін.
  • бөліп төлеу – бұл да кредит және оның мерзімін өткізсеңіз, айыппұл мен өсімпұл төлейсіз.

Fingramota.kz-тің бөліп төлеуді ресімдеуге қатысты кеңестері:

  1. Өтінімді бірден бермеңіз, ойлануыңызға уақыт беріңіз. Сатушылар немесе жаппай сатылым мерзімдері Сізге қалай әсер етсе де, бөліп төлеуді де төлеу керек екенін ұмытпаңыз, ал оның төлеу мерзімін өткізу қолайсыз салдарға әкеп соғады.
  2. Бөліп төлей алатыныңызды түсіну үшін ай сайынғы шығындарыңыз бен табысыңызға талдау жасаңыз. Егер нәтижесі күмән тудырса, кейінге қалдырыңыз немесе оған ақша жинаңыз.
  3. Қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қамтамасыз етіңіз – жұмыстан айырылған кезде немесе өзге де форс-мажор жағдайларында оның көмегімен берешекті уақтылы өтей бересіз.
  4. Сатушыдан растайтын құжаттар мен сертификаттарды талап етіңіз – сонда алаяқтардан тауар сатып алу қаупі аз болады.
  5. Сатушылар мен тауарларды салыстырыңыз, пікірлерді оқыңыз, сондай-ақ өзіңіз үшін барынша тиімді нұсқаны таңдау үшін әртүрлі банктердегі бөліп төлеу талаптарын зерттеп біліңіз.
  6. Бөліп төлеу талаптары мен шартты әрқашан мұқият оқыңыз – жосықсыз сатушы бөліп төлеудің бір түрі ретінде ұсынып, сізге мойныңызға кредит «іліп қоюы» мүмкін.

Бөліп төлеудің де кредит екенін әрдайым есте сақтау қажет, оны төлемеген жағдайда сізді шартқа сәйкес сотқа тартуы мүмкін. Сондай-ақ кредитор міндеттемелердің орындалмауы туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады. Нәтижесінде бұл сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етеді. Сонымен бірге кредитор төлем талабын қоя алады (бұл шара шартта көрсетілген жағдайда) және белгілі бір сома борышкердің қосымша келісімінсіз банктік шоттан есептен шығарылады. Сол үшін қарыздарыңызды уақтылы төлеп отырған дұрыс.

fingramota.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале