Қазақ-жоңғар соғысында ондаған ірі шайқастардың болғаны белгілі. Соның ішінде Орбұлақ шайқасының маңызы ерекше.

1643 жылы Жоңғар хандығының негізін қалаған Батыр қонтайшының өзі бастап ойрат қолын қазақ даласына әкелгені тарихтан мәлім.
Бұл тұста жоңғарға қарсы күреске Есімханның ұлы Жәңгірхан 600 қолмен қарсы аттанады. Шайқасқа ыңғайлы жер ретінде Ор аталған бұлақтың маңындағы тау шатқалы алынады.
Тау шатқалындағы жазықтыққа ор қазып бекінген қазақ қолы, екпіндей кірген жоңғарларға үш тараптан тап беруге даяр тұрады. Содан шатқалға енген жауға алғашқыда тас жаудырып, сосын асып-сасқан шақта ту сыртынан лап қояды.
Осы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі. Сәл кейінірек ұрыс жүріп жатқан жерге Самархандтан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келеді.
Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде айшықталған, ерлік пен қаһармандықтың үлгісі ретінде ұрпақтарға ұрандалып келе жатқан күресіміздің бірі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz