8.01.2024, 12:00
Оқылды: 59

Ұландықтар қатары толықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.

жп рписяга уу (3)

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы  облыстарынан келген жас сарбаздар бір ай ішінде саптық дайындықтан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырымен танысып үлгерді. Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде өткізілген бұл шарада 210-ға жуық сарбаз ант қабылдады.

жп рписяга уу (4)

Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындарынан жиналған 350 шақты адам қатысты. Салтанатты шараның алғашқы сөз кезегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлім командирі, подполковник Сағындық Алқайдаров берілді.

жп рписяга уу (1)

Бөлім командирі жас сарбаздарды салтанатты түрде ант қабылдауымен құттықтап, абыройлы қызмет атқаруларын тіледі. Сонымен қатар ант қабылдау рәсіміне «Батыс» ӨңҚ ардагерлер кеңесінің мүшесі запастағы майор Марат Абдрахманов қатысып, сарбаздарға:

- Отанды қорғау – әр азаматқа борыш, қасиетті парыз. Ал әскер әр азаматты патриоттыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, тәртіп пен қайсарлыққа баулитын өмір мектебі. Халық арасында «анттан аттағаны – ардан аттағаны» деген кемел сөз бар. Сол себепті болар ант қабылдау халқымыз үшін маңызды шаралардың бірі. Осы орайда анттың маңызын түсініп, елге адал қызмет ете білетін, абыройлы қызметімен көзге түсіп, болашақта ел мүддесі жолында қызмет ететін жастар көбейсе ол біз үшін мақтаныш, - деп, өзінің жүрек жарды тілегін білдірді.

жп рписяга уу (5)

Құттықтау сөздерден кейін жас сарбаздарға шара қонақтары мен ата-аналар сәттілік тілеп, абыройлы қызмет атқаруларын тіледі. Өз кезегінде сарбаздар да антына адал болуға уәде беріп, елге адал қызмет етуге бекінді.

жп рписяга уу (2)

Шара соңында әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров ата-аналардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

ҚР ҰҰ «Батыс»

ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале