9.01.2024, 10:02
Оқылды: 94

ҚазҰУ Эразмус+ бағдарламасының 40 грантын жеңіп алды

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2023/24 оқу жылында Еуропа жоғары оқу орындарымен бірлесіп Эразмус+ «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде студенттер мен оқытушылардың оқу мен тағылымдамадан өтуіне арналған 40 грант жеңіп алды", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

663979a5f46b454f9936902111efed08_1280x720

Фото: www.gov.kz

Осы бағдарламаның арқасында университет студенттері академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, оқытушылар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қызмет департаментінің директоры Салтанат Жақыбаева атап өткендей, Еуропалық жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушылардың кредиттік ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырғысы келетін жоғары оқу орындарын өздері таңдайды. «Студенттер семестр бойы еуропалық жоғары оқу орындарында халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқи алады, ал оқытушылар біліктілікті арттыру бойынша тренингтерден өтіп, өз мамандықтары бойынша 5-14 күн ішінде арнайы курстардан сабақ беретін болады. Жеңімпаздарды іріктеу конкурс қорытындысы бойынша жүзеге асырылды, нәтижесінде ҚазҰУ-дың үздік студенттері мен оқытушылары іріктелді», – деді С. Жақыбаева.

Эразмус+ «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 40 жобаны (2023 жылы алынған) қаржыландыру 2024-2027 жылдары, сондай-ақ қабылдаушы ЖОО айқындаған кез келген мамандықтар бойынша іске асырылатын болады.

Байқау жеңімпаздары Германия, Испания, Франция, Венгрия, Италия, Литва, Латвия, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Түркия және т.б. елдердің университеттерінде білім алады. Мұндай шетелдік бағдарламалар академиялық ұтқырлықты, мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Студенттер мен оқытушылардың барлық оқу шығындарын Еуропалық одақ қаржыландырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале