10.01.2024, 17:50
Оқылды: 73

2023 жылғы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері туралы

"2023 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың қаржылық сауаттылығының негізгі көрсеткіштеріне төртінші рет зерттеу жүргізді. Пікіртерім 18 жастан 63 жасқа дейінгі және одан үлкен жастағы топтардың арасында өтті, оған республикалық маңызы бар 3 қаладан және Қазақстанның барлық облысынан 3 мың адам қатысты", - деп ъабарлайды ҚР қаржы нарыңын реттеу және дамыту агенттігі. 

ЖП ақша

Зерттеу нәтижелері халықтың қаржылық сауаттылығының меншікті қаржы қаражатын басқару, қаржылық қызметтерді пайдалана алу және қаржы жүйесі туралы хабардар болу сияқты негізгі индикаторларының серпінін көрсетеді.

Мұндай зерттеулер жүргізілгелі бері алғаш рет тұтынушылық кредиттерді ресімдеу кезіндегі тұтынушылардың іс-әрекеті және банк менеджерлерінің тарапынан кредит талаптары және қарыз бойынша төлеу мерзімін өткізген жағдайдағы жауапкершілік туралы толық ақпаратты жария ету бағаланды.

2023жылы индекс 40,5%-ды (2022 ж. – 40,3%; 2021 ж.  –39,52%; 2020 ж. – 39,07%)құрады. Ағымдағы зерттеу халықтың хабардар болу деңгейінің басым екенін көрсетті – 42,8%(2022 ж. – 41%, 2021 ж. – 35,5%). Бұл ретте, «Меншікті қаржы қаражатын басқару» ең төмен көрсеткіш – 38,6%(2022 ж. – 39,6%, 2021 ж. – 42,57%)көрсетті. Орта көрсеткіш – 40,1% қаржылық қызметтерді пайдалану саласында тіркелді (2022 ж. – 40,1%; 2021 ж. – 40,5%).

Зерттеудің «Меншікті қаржы қаражатын басқару» бөлімі кірістер мен шығыстарды бөлу дағдыларының серпінді екенін көрсетеді.

Респонденттердің үштен бірі – 30,2%-ы қаржы қаражатын бөлу туралы шешімді дербес қабылдайды және ол 50-63 жас санатындағыларға тән. 30 – 49 жас аралығындағы респонденттердің 35,6%-ы өз ақшасын ата-аналарына сеніп тапсырады.Әрбір бесінші респондент жұбайына/зайыбына береді, 18,2%-ы ғана ортақ бюджет жүргізеді.

Бұл ретте, респонденттер қаржылық өмірдің неғұрлым маңызды аспектілерін атап өтті – шоттарды уақтылы төлеу (48,4%), сатып алуларға тиімділік тұрғысынан қарау (46,4%), сондай-ақ бюджетті мониторингтеу (43,9%).

Лимиттен жоғары шығыс жұмсалғанжағдайда әрбір үшінші респондент қарыз алған (38,9%) және кредитті пайдаланған (35,9%), оның ішінде респонденттердің 12,5%-ы микрокредиттерге жүгінеді, 7,5%-ы онлайн кредит ресімдейді. Олардың төрттен бір бөлігі жеке жинақтарын  пайдаланған (23,7%), тағы 13,1%-ы депозиттен қаражаттарын алған.

Респонденттердің жинақтаудағы тәжірибесі азаматтардың 48,2%-ы ақша жинайтынын көрсетті. Соңғы үш жылдың серпіні ай сайынғы міндетті шығындарды төлегеннен кейін жинақ жасай алуға қабілетті азаматтардың саны біртіндеп өсетінін көрсетеді: салыстыру үшін 2020 жылы азаматтардың 30,6%-ы, 2021 жылы 31,4%-ы және өткен жылы 31,5%-ы осылай жасаған.

Азаматтардың 24,5%-ы үшін өз жинақтарын көбейтуге мотивация факторы тән, олар белгілі бір сатып алулар үшін ақша жинайды. Қаржы қаражатын жинақтаудағы тұрақтылық халықтың 16,3%-да байқалады.

«Қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі» көрсеткіші өткен уақытта, қазіргі уақытта және болашақта тұтынушылар арасында танымал қандай да бір қаржылық өнімді/ көрсетілетін қызметті көрсетеді.

Мәселен, соңғы екі жылда ең көп таралған қызметтер автокредиттеу (43%), зейнетақы аннуитеті (40,3%), тұтынушылық кредит (39,9%) және дебеттік карта (39,8%) болды.

Қазіргі уақытта респонденттердің 74,3%-ы депозиттер түрлеріне артықшылық береді (білім беру – 39,1%, депозиттердің басқа түрлері –35,2%). Бұл көрсеткіш халықтың жинақтау дағдыларының өсуін көрсетеді. Қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтпаған басқа өнімдердің айтарлықтай бөлігін ипотека (39,9%) және онлайн кредиттер (36,7%) құрайды.

Болашақта депозит (38,8%), ипотека (39,4%) және онлайн кредит (39,7%) қызметтеріне сұраныс сақталады. Бұл қатар сондай-ақ,  ерікті зейнетақы жинақтарымен (38,1%) толықтырылатын болады, бұл болашаққа оң болжам жасауға мүмкіндік береді.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді таңдауға қатысты шешім қабылдаған кезде респонденттердің 43,7%-ы (2022 жылы - 43,3%) қаржы ұйымдары ұсынатын ұсыныстар мен талаптарды салыстырады. Бұл тәсіл 45%-дан астам әйелдерге тән (2022 жылы – 44%), консервативті тәсілді ер адамдар қолданады, олар өздері қолданатын нұсқалардан басқа нұсқаларды қарастырмайды.

Респонденттердің жартысына жуығы кредит рәсімдеу кезінде ең тиімді шарттарға ұмтылады. Тұтынушылық кредитті ресімдеу кезіндегі пайыздық мөлшерлеме Қазақстанның барлық өңірлеріндегі респонденттердің 45,6%-ы үшін маңызды фактор болып табылады. Кредит беру мерзімі сауалнамадан өткендердің 21,5%-ы үшін, негізінен Батыс Қазақстан облысынан (30,7%), Қарағанды облысынан (27,3%) және Атырау облысынан (26,7%) маңызды.

Қайтару мерзімі (15,7%) және банктің беделі (12,6%) бойынша көрсеткіштер мардымсыз болды. Банктің беделіне негізінен Абай (16,7%) және Ақтөбе (18%) облыстарында және Түркістан облысында (20,7%) назар аударылып отыр.

Тұтынушылық кредит ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде респонденттер белгілі бір мерзімде (39,8%) қайтарудың міндеттілігін  түсінеді.Импульсивті тұтынушылық ойлау негізінен Солтүстік Қазақстан облысынан (37,3%), Жамбыл (37,3%) және Түркістан (38%) облыстарынан келген респонденттердің 33,6%-ына тән. Керісінше, Атырау (47,3%) және Ұлытау (48%) облыстарында қаржылық сананың жоғары деңгейі атап өтілді.

Кредит беруде қаржы ұйымдары менеджерінің қарыз алу кезінде ақпаратты ашу мәселелеріндегі құзыреттілігі маңызды рөл атқарады. Пікіртерім нәтижелері бойынша респонденттер кредиттік менеджерлерден мұндай білім алмайтынын (34,6%) немесе әрдайым алмайтынын (31,8%) көрсетті.

Бұл ретте, қаржы ұйымдарының менеджерлері мерзімі өткен немесе кредитті өтемеген жағдайда клиенттің жауапкершілігі туралы хабардар етудің жоғары деңгейін көрсетті. Респонденттердің жауаптарына сәйкес, өте жақсы – 64,7% (атап айтқанда, «Жақсы» – 44,8% және «Өте жақсы» – 19,9%). Теріс бағалаудың үлесі 19,3%-ды құрайды (атап айтқанда, («Өте нашар» – 14,3% және «Нашар» – 5%).

Сонымен қатар, кредитке өтінім ресімдеген кезде кіріс деңгейі туралы ақпарат 38,2%  респондентте көбіне артық көрсетілген. Тағы 22%-ы кірістерін әрдайым дұрыс көрсетпейді, респонденттердің жауаптарына қарағанда қарызды ықтимал мақұлдау үшін кірісті артық етіп көрсетеді. 6,1% адам өздерінің шынайы кірісін ешқашан көрсетпеген.  26,9% ғана адам ақпаратты жасырмай, дәйекті деректер ұсынады.Гендерлік бөліністе әйел адамдар (39%) кірістері туралы шынайы деректерді өтірік айтуға жиі барады.Орта жастағы – 30-49 жастағы респонденттер (23,3% және 38,8%) көп жағдайда дұрыс деректерді көрсете бермейді және өз кірістерін артық етіп көрсетеді. Сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар (43,8%) кредитке өтінім берген кезде өз кірістерін көбіне артық етіп көрсетеді.

«Қаржылық жүйе туралы хабардар болу» көрсеткіші қаржылық қызметтердің барынша танымал провайдерлері,  қаржылық сауаттылық жөніндегі білім көздері және респонденттер арасында анағұрлым қажетті  арналар туралы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаржы ұйымдарының арасында Kaspi Bank – 46,1% анағұрлым танымалдылыққа ие болып қалып отыр (2022 ж. көрсеткіш 40,2% болды). Қызметтерді пайдалану бойынша 3 үздік банктің қатарына Halyk Bank енді, оның көрсеткіші 25,7% (2022 ж.- 39,1%), үшінші орында өткен жылғыдай, Отбасы банк қалып отыр – 8,1% (2022 ж. – 20,3%).

Респонденттердің пікірінше, қаржы ұйымымен проблемалар туындаған кезде жауапкершілік көрсетілетін қызмет провайдері ретінде қаржы ұйымына – 26,4%, клиент ретінде өздеріне (26,1%), мемлекеттік органдарға – 25,9% жүктеледі. Көбіне жауапкершілік 30-49 жастағы  респонденттерде (30%) көрініс табады.

Қаржы ұйымдарымен даулар туындаған кезде респонденттер Бас прокуратураға (25,2%), сотқа (23,4%), адвокаттарға және заңгерлерге (19,6%) жүгінуді дұрыс көреді.

Сондай-ақ ақпарат берушілер қаржылық сауаттылық бойынша білім беру дағдыларын дамыту туралы да айтты. Бұл әсіресе Жетісу  (34%), Түркістан (33,3%), Маңғыстау (32%), Павлодар және Ұлытау (31,3%-дан) облыстарының тұрғындары үшін маңызды.

Әлеуметтік желілер(48,2%) қаржы жөніндегі білімнің негізгі көздері болып табылады 18-29 жас аралығындағы жастар (29,8%) мен 50-63 жас аралығындағы адамдар (29,7%) арасында танымал тегін курстар (27%) елеулі ресурс болып саналады.

Бұл ретте пікіртерім нәтижелері адамдардың мұндай білім үшін ақы төлеуге және курстарға баруға жиі жағдайда дайын болмайтынын (12,1%) көрсетті. Әлеуметтік желілер мен тегін курстардағы ақпараттың көбінесе фрагменттелген және базалық екенін атап өткен жөн, ал YouTube желісіндегі ролик түріндегі бейімделген материал (3,1%) немесе мамандандырылған әдебиет (4,6%) респонденттерді онша тартпайды. Аталған жағдайда мамандандырылған әдебиет жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне ие ақпарат берушілердің арасында барынша танымал (10,1%). 12,8%-ы қаржылық білімге мүлдем қызықпайды. Бұл ретте көп жағдайда 30-49 жас аралығындағы орта жастағы респонденттер білімге қаражат бөлуге дайын. Респонденттердің 33,2%-ы үшін онлайн формат ыңғайлырақ болса, сұралған адамдардың 25,6%-ынаоффлайн формат ыңғайлы, өзін-өзі оқыту тек 9,9% респонденттерге қолайлы және респонденттердің 25,35%-ын қаржылық сауаттылық қызықтырмайды.

«Қаржылық алаяқтық»бөліміазаматтарды алдаудың барынша дамыған және күрделі әдістерінің қолданылуына байланысты қатарынан екінші жыл зерттеу үшін өзекті тақырып болып отыр.

Өңірлер бойынша Қазақстанның батыс өңірлерінің, атап айтқанда Атырау  (27,3%), Ақтөбе (26,7%) және Маңғыстау облыстарының (26%) көрсеткіштерін назарға алу қажет, мұндағы респонденттер алаяқтыққа тап болғандықтарын жиі көрсеткен.

Көбінесе 18-29 жас аралығындағы жастар (23,1%) мен 50-63 жас аралығындағы ересек адамдар (24,9%) алаяқтардың құрбаны болып жатады. Қаржылық алаяқтықтың барынша кең тараған түрі «вишинг» телефон арқылы жасалатын интернет-алаяқтық (31,5%) болып табылады. Бұл ретте жиі жағдайда алаяқтар өз құрбандарымен ұялы телефон немесе қалалық телефон (45,6%) арқылы хабарласады.

Көп жағдайда респонденттер алаяқтарды ажырата білді (61%). Осы тәрізді құқық бұзушылықтарды идентификаттау 50 жастан асқан адамдар үшін қиын (41%).

2017 ж. бастап 2022 ж. дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ТМД елдері халқының қаржылық сауаттылығы деңгейін анықтау, бағалау және талдау бойынша мамандандырылған тереңдетілген еларалық зерттеу жүргізген болатын. Зерттеуге 8 ел қатысты (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы). Қазақстан бірінші (2017 ж.) зерттеуге де, екінші зерттеуге де (2021 ж.) қатысты. Дала жұмыстарының екінші кезең (2021 ж.)   деректеріне сәйкес ТМД бойынша қаржылық сауаттылықтың орташа көрсеткіші 55,8%-ға тең. Қазақстан көшбасшылар үштігіне енді   – 59,6%. Беларусь өзін бұрын соңды болмаған көшбасшы ретінде жариялады (61,4%). Соңғы орынға Әзірбайжан ие болды (45,9%). Жалпы алғанда, орташадан төмен көрсеткіштер 8 елдің 4-уінде тіркелді.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері  қаржылық сауаттылықты дамыту және азаматтардың қаржылық болашағын жақсарту үшін мемлекет, бизнес және білім беру тарапынан бірлескен іс-әрекеттің қажеттілігін атап көрсетеді. Мектеп курстарын, білім беру мекемелеріндегі сабақтарды және ересек адамдарға арналған оқыту бағдарламаларын қамтитын қаржы туралы білім беру бағдарламаларын жасау және әзірлеу ұсынылады.

Инвестицияларды қалыптастыру аясында сарапшылар халыққа тегін немесе қымбат емес қаржылық консультацияларға, оның ішінде инвестицияларға қатысты консультацияларға оңай қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл азаматтарға өз қаржылық мақсаттарын жете түсінуге және болашақты жоспарлауға көмектеседі.

Қаржы туралы пайдалы мәліметке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бюджетті, инвестицияларды қадағалап отыруға және қарызды басқаруға көмектесетін қазақстандық қосымшаны және/немесе онлайн құралдарды іске қосу ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале