Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытты.
Патрульдік топ бастығы сержант Әлібек Есболаев өзінің серіктестерімен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жауынгерлік қызметін атқарып жүреді. Кешкі сағат 17.45 шамасы кезінде көп қабатты үйдің қасында тұрған белгісіз азамат әскери жасаққа күдік туғызады. Патрульдік топ бастығы сержант Әлібек Есболаев өзіне күдік туғызған азаматтың қасына барып өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тексеріліс аясында күдіктінің сырт киімінің қалтасынан ұзындығы 25 см суық қару табылды.
Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.