15.01.2024, 16:30
Оқылды: 54

Қонаев гарнизонының десантшылары алғашқы рет парашютпен секірді

Өткен жылдың күзінде әскерге шақырылған жүзге жуық сарбаз  Д-6 парашютімен алғашқы рет секірді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

f1a523d0da637085a3445b08ed5fade9_1280x720

Әскери қызметшіге секіруге психикалық және дене дайындығы тұрғысынан дайын болған кезде ғана рұқсат беріледі.

Бұл ретте батылдық, қиын жағдайда тез шешім қабылдау мен әрекет ету қабілеті ғана емес, одан бөлек күш-қуат дайындығы да айтарлықтай маңызды.

10448f987a3ebee9ab51b799970cca36_1280x720

Сондықтан парашютпен алғашқы секірместен бұрын көптеген жаттығу жасалды.

Парашютпен секірудің барлық элементі мұқият орындалып, жетік пысықталды.

– Парашютпен секіру – десантшыларды жауынгерлік даярлаудың негізгі элементі және әуе-десанттық даярлықтың ең күрделі әрі жауапты кезеңдерінің бірі. Сарбаздар жарады, барлығы тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты, – деді әуе десанты даярлығы бөлімінің аға офицері майор Қайрат Чалимбеков.

парашют

Парашютпен секіру Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен жүзеге асырылды. Аспаннан құлдилау тәжірибесі жас десантшыларға ұмытылмас әсер қалдырды, ең бастысы, олар өздеріне деген сенімділікті арттырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале