Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев төрағалық еткен жиында өткен жыл ішінде меншік құқығын қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлауды болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Жиында негізгі баяндаманы аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, подполковник Бауыржан Сұпығалиев баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2012-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының ауданда жүзеге асу барысы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, былтыр аудан 239 қылмыстық іс тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 138-ге аз. Бұрын сотталғандар (66-дан 52-ге дейін), кәмелетке толмағандар (9-дан 5-ке дейін), мас күйде (72-ден 65-ке), топтасып (11-ден 4-ке дейін), қоғамдық орындарда (37-ден 21-ге дейін), көшелерде жасалған қылмыстардың саны (25-тен 12-ге дейін) кеміген. Ал отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыс (6 ) өзгеріссіз қалған.
Комиссия отырысында әсіресе отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар қызу талқыланды. Осы және өзге де қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында жұмысты күшейту керектігі айтылды. Осының негізінде хаттамалық тапсырмалар берілді.
Нұрсұлу Тайпақ,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz