18.01.2024, 12:00
Оқылды: 288

Орынбор-Ташкент темір жолы қалай басталды?

Тарихтан мәлім Орынбор-Ташкент темір жолын салу туралы шешім 1889 жылдан басталғаны белгілі. Сондықтан Қазақстан темір жолының тарихы да осы жылдан басталады деп саналады.

жп дала

 Алғашқы темір жолды төсеу екі бөлікте жүргізіледі. Оның бірінші солтүстік бағыты 946 шақырымдық Орынбор-Қазалы бағыты болса, екіншісі оңтүстікте 790 шақырымдық Ташкент-Қазалы бағыты болады.

Жолдың оңтүстік бөлігі Түркістан өлкесі, Сырдария облысының жерімен жүрсе, жолдың солтүстік бөлігі Орынбор, Торғай, Орал облысының Темір уезі жерімен жүріп өтеді.

Сонымен 1901 жылдың 10 мамырында Орынбор жақтан алғашқы темір жол төселе бастаса, Ташкент жағынан сол жылдың 9 қарашасында темір жол төсеніші қарсы бағытта салына бастайды.

Осылайша 1905 жылдың 25 шілдесінде Орынбор-Ташкент темір жолының қозғалысы ашылса, 1906 жылдың 1 сәуірінде Ташкент-Қазалы темір жолының қозғалысы ашылады.

 Жалпы Орынбор-Ташкент темір жолы сол тұстағы Қазақстандағы аса ұзақтығымен ерекшеленген транспорт магистралы болды. Ол Қазақстан жерінің 1600 шақырымын алып жатты.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz  (Қазақ ССР тарихы. А. 1984 ж.)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале