Шыңғырлау ауданының үлкен-кішісі ауыл маңындағы Қонақай көлі басына жиналып, айдын мұздың үсті ойнаған бала, сырғанаған үлкендерге толды.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев тұрғындары қысқы маусымының ашылу салтанатымен құттықтады.
Маусымның ашылуында Конақай көлі басында киіз үй тігіліп, оның ішінде жиналған жұртқа ыстық тағамдар мен сусындар ұсынылды.
Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметі мен тәртіп сақшылары барлығын бақылауда ұстап отырды.
Ашылу салтанынан кейін ауданның әр түрлі мекемелері атынан 6 команда шығып, эстафеталық ойындарға қатысты.
Мұзайдын бетінде өткен түрлі қызықты сайыстарда белсенділік танытқан қатысушыларға халық қолдау көрсетті.
Ойындар нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қатысушыларды аудан әкімі марапаттап, естелік суреттерге түсті.
Бұқаралық спортты дамыту, халық денсаулығын спорт арқылы шыңдау бағытындағы қысқы ойындар мұзайдынының ашылуы тамаша қадам болып отыр.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz