Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте 6-орында келеді.
Коллаж: olympics.com/Midjourney
Қазірге дейін Канвон олимпиадасының медалін 18 мемлекеттің ұлттық құрамалары алып үлгерген. Медальдар кестесінде Франция көш бастап тұр.
Франция – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола
Италия - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
Қытай - 3 алтын, 3 күміс
Германия - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
Словения – 2 алтын
Қазақстан – 1 алтын, 1 қола медаль.
Жалпы қазірге дейін 9 ел алтын, 9 ел күміс, 13 ел қола медальға ие болып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанса , бүгін шорт-трекші Полина Омельчук қола медаль жеңіп алды.
Дереккөз: Казинформ