22.01.2024, 17:45
Оқылды: 30

Естөреге елі риза

Бүгін Казталов аудандық полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлмшесінің аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры Естөре Құрманғазиев 45 жасқа толып отыр.

IMG-20240121-WA0035

Жергілікті полиция, бөлімінде ұзақ жылдан бері түрлі қызметтерді абыроймен атқарған Естөре Жасұланұлына жергілікті тұрғындар үнемі сыйластық танытып, үлкен құрметпен қарайды.

Ішкі істер органдарында көптен бері қызмет ететін полиция майоры әріптестерінің арасында да зор беделге ие. Қазақстан Республикасының Ата Заңы аясында өзіне жүктелген қандай қызмет болса адал атқаруға тырысатын Естөре Жасұланұлының кәсіби қызметіне адалдығын үнемі байқап назарда ұстап жүрген ауыл тұрғындары, оны көпке үлгі етеді.

- Жалпақтал ауылында тай құлындай тебісіп бірге өскен досымыз Естөре Жасұланұлы еліміздің ішкі істер саласында ұзақ жыл жемісті қызмет етіп, ауылдастарының зор сеніміне ие болды. Біз оған бірге өскен достары ретінде қатты қуанамыз. Кәсібіне адалдық танытып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция лауазымында ел сенімінен шығу әрине, оңай емес. Мен сондықтан ауылдастарымның арасында қоғамдық тәртіпке ден қойып, өз ісінің шын шебері атана білген асыл досыма алда да тек табыс тілеймін. Туған күні құтты болып, отбасымен бірге биіктерді бағындыра берсін, - дейді бір сыныпта оқыған жан досы Ербол Мағзомұлы.

Шынында Естөрнің қолына алған полиция саласындағы түрлі қызметі қашанда жақсы жағынан бағаланып, қоғамдағы ауылішілік тәртіптің мейлінше нығаюына өз септігін тигізіп келгенін мақтанышпен айта аламыз.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале