24.01.2024, 10:00
Оқылды: 61

БҚО полиция қызметкерлері алаяқтарға алданбаудың тәсілдерін айтты

Былтыр Оралда интернет-алаяқтыққа қатысты 490 факт тіркелген. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция ЖП

Осыған байланысты полиция департаменті облыс тұрғындарына қырағы болып, қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.

Қызметкерлер «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» секілді қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпауды ұсынады. Себебі аталған бағдарламалар арқылы алаяқтар ақшаны иемденіп алады.

Алаяқтық қылмысының жаңа бір түрі – авторизациясы бар үшінші тарап сайтына, байқауға қатысатын жақын туысқанына сілтемені басып, дауыс беру туралы өтінішті  поштаға жібереді.

Абоненттік нөмірлерді қайта тіркеу сынды сылтауды да пайдаланатын алаяқтар бар.

Жәбірленушілерге ұялы байланыс операторының белгісіз өкілі қоңырау шалып, «абоненттік нөмірді тіркеу мерзімінің аяқталуына байланысты оны жаңарту үшін SMS кодын растаңыз», - деп, хабарласады.

Алаяқтықтың тағы бір түрі - бизнес өкілдеріне қатысты.

Алаяқтар жеке кәсіпкерлерге басқа жеке кәсіпкердің шотын жалға беру арқылы ақша табуды ұсынады.

Шабуыл жасаушы әлеуметтік желілерде танысып, адамдардың сеніміне кіреді. Содан кейін қымбат сыйлық бергісі келетінін, құнды сәлемдеме жібергенін айтады. Кейін оған курьер, шекарашы немесе пошташы, кедендік баждарды есептеу, шетел валютасын айырбастау және тағы басқа секілді қызмет өкілі ретінде алаяқтың сыбайластары хабарласып, құнды затты жеткізу үшін ақшалай қаражат сұрайды.

- Еске саламыз, банк қызметкерлері ешқашан клиенттерге қоңырау шалмайды және олардан қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды талап етпейді. Егер сізге мұндай қоңырау түссе, дереу телефон тұтқасын қойып, байланыс орталығына немесе полицияға хабарласқаныңыз жөн. Жарнамаға немесе тез пайда көру уәделеріне сенбеңіз, күмәнді қорларға ақша салмаңыз. Ешқашан банк карталарыңыз туралы ақпаратты ешкімге бермеңіз, әсіресе күдікті сайттарда банк карталарыңыздың деректемелерін толтырмаңыз, - делінген депарамент хабарламасында.

Егер Сізге күдікті біреу қоңырау шалса немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «CYBERPOLICE сенім телефонына» 92-19-06, 8-771-249-57-59 ұялы телефонына немесе 102 операторына хабарласыңыз.

Сондай-ақ cyberpolice_zko instagram парақшасына жазылуға болады.

Мұнда құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық материалдар тұрақты жарияланады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале