24.01.2024, 15:00
Оқылды: 68

Ауылға баратын дәрігерлерге 9 миллион теңгеден беріледі

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

медицина жп аралтал (1)

 Көрнекі фото авторы:  Мария Пирог, zhaikpress.kz

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

- Егер дәрігер ауылға барып жұмыс істейтін болса, онда оны ынталандыру үшін 100 ең төменгі жалақы көлемінде беріледі (ең төменгі жалақы – 85 мың теңге), - деді депутат.

Оның сөзінше, бұл бір рет берілетін қаржы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале