25.01.2024, 12:45
Оқылды: 99

Алматы қалай астана болды?

Астананы Қызылордадан Алматыға көшіру жергілікті ұлттың көптеп орналасқан жеріне жақындау мақсатында туған идея болды.

тау

Өйткені қазақ халқын біртұтас республикаға айналдыру қажеттігін ұғынған ұлт зиялылары болашақта Ұлттық Республикада Қызылордадан гөрі Алматыны ыңғайлы көреді.

Осы кезде Одақтық үкіметтің Түркістан-Сібір темір жолын салу қаулысы Қазақстанға жаңа астана керектігін және оның ішкі байланысын арттыруда Алматының рөлі зор деп танылып, саяси-экономикалық жағынан қажеттігі ескеріліп, астананы Алматыға көшіруге негіз болады.

Осылайша мекемелерді көшіру, коммуникация және байланыс тораптарын орнату, өзгеде мемлекеттік ұйымдарды орналастыру жұмысы дереу қолға алынып, 1929 жылы астана Қызылордадан Алматыға көшіріледі.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Алаш қозғалысы», Энциклопедиялық анықтамалық, 2014 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале