26.01.2024, 20:02
Оқылды: 46

АҚШ-та алғаш рет азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасы кесілді

АҚШ-тың Алабама штатында алғаш рет сотталған адамды азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына кесті, деп жазады ВВС.

IMG-20240126-WA0154Фото: REUTERS

1988 жылғы әйел адамды өлтіргені үшін сотталған Кеннет Юджин Смит өзіне тағылған үкімге үш рет шағымданды, бірақ үшеуі де қабылданбады.

2022 жылы Смитті адам өлтіретін инъекция арқылы өлтірмек болды, бірақ процедураны жүргізетін мамандар тамырына ине кіргізе алмағандықтан сәтсіз аяқталды.

Одан кейін үкімді орындау туралы ордердің мерзімі аяқталып қалды.

Штат билігі Смит бірнеше секунд ішінде есін жоғалтып, аз ғана уақыт ішінде өлетінін айтты.

Процедура жергілікті уақыт бойынша 19:56-да басталып, 29 минуттан кейін дәрігерлер Смиттің қайтыс болғанын хабарлады.

Оған кигізілген маска арқылы денесіне азот жіберіліп, ол өкпеге өткен кезде оттегі ығысып, соңы гипоксия мен өлімге ұласады.

Куәгерлердің айтуынша, өлім жазасы басталғаннан кейін Смит бірнеше минут бойы ес-түссіз болған.

Өлім жазасына бес БАҚ өкілі куәгер болды. Жазаға кесілмес бұрын Смитке отбасы мүшелері, достары, дін өкілі мен адвокаты келген.

Өткен аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары азотпен тұншықтырып өлтіру - халықаралық құқық бойынша азаптау мен қатыгездікке тең болуы мүмкін екенін айтып, өлім жазасын тоқтатуға шақырды.

Казинформ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале