29.01.2024, 17:15
Оқылды: 146

Мектептегі жайлы жағдай жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

 

Жобалар - іс жүзінде

 

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №5 мектеп «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» әлеуметтік жобасының қатысушысы болған еді. Аталған жобаны «Қазақстан халқына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры іске асырды. Ал Beeline Қазақстан бұл бағдарламаның алғашқы демеушілерінің қатарында болды. Компания бөлген 2 миллиард теңгеге еліміздің әр өңірінде орналасқан сегіз ауыл мектебі үздік зияткерлік оқу орындарының стандарттарына сай жаңартылды. Біз жуырда Ақсай қаласындағы мектепте болып, осы жобаны іске асыру білім сапасына қандай өзгерістер әкеліп, қалай әсер еткенін білген едік.

интернет (1)

Мектеп табалдырығынан аттаған бойда фойеде орнатылған интерактивті тақтадан оқушылар мен олардың ата-аналары қажет кез келген ақпаратты қарай алады. Ол жерден оқушылардың сабақ кестелері, кабинет нөмірлері, ұстаздардың аты-жөні және байланыс телефондары, мектептің алдағы күндерге жоспарлаған іс-шаралары, жалпы мектептің тарихы мен жетістіктері жөнінде толық мағұлмат көрсетіліп тұрады.

Бұл мектепте 800-ден астам бала білім алып, 70 мұғалім жұмыс жасайды. Жоба аясында 27 оқу кабинеті, кітапхана, спорт зал мен шығармашылық шеберханалар жаңа жиһаздар және жабдықтармен толық қамтылды. Әр кабинетте интерактивті тақталар, компьютерлер, принтерлер, бұзуға төзімді парталар мен орындықтар қойылған. Дәліздерде ойын алаңдары жасақталып, жұмсақ жиһаздар орнатылған. Үзілісте шахмат және басқа үстел ойындарын ойнауға мүмкіндік жасалған. Біз химия кабинетіне бас сұғып, өтіп жатқан практикалық сабақтардың куәсі болдық. Зертхана барлық «сиқырлы құралдармен» жабдықталған, оқушылар ақ халат пен қолғап киіп, жүргізілетін тәжірибелердің оларға өте қызықты екені байқалды.

интернет (3)

Бұл жобада мектепті тек материалдық жағынан қайта жабдықтау ғана қарастырылмаған. Жасалған сапалы өзгерістер пәндерді жаңаша оқытуға да көп әсер еткен, өйткені аталған бағдарлама аясында мұғалімдер біліктілігін арттырып, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қызметкерлері олармен тың тәжірибелерімен бөлісті.

Жасыратыны жоқ, қазіргідей интернет дәуірінде балаларды кітап оқуға қызықтыру қиын. Бірақ бұл мектеп кітапханасы бос тұратын кез өте сирек екен. Мұнда кітаптар жиналған сөрелерден заманауи үстелдер және жұмсақ пуфтар қойылып, өз бетінше жұмыс істеуге арналған орындар жасақталған. Балалар сабақтан соң реферат жазуға немесе жай кітап оқу үшін кітапханаға жиі келеді екен.

интернет (2)

Атап өткендей, мектепте барлық оқу кабинеті соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Арт-студия, робототехника кабинеті, STEM-зертханасы секілді қосымша білім беру кабинеттері де өте ерекше жасақталған. Олар балалардың әртүрлі бағытта дамуына өз септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар арнайы телестудияда әр оқушы өзін журналист, диктор, оператор немесе режиссер ретінде сынап көре алады.

Шығармашылық шеберханасында оқушылар бізге 3D принтердің көмегімен заттардың модельдері қалай жасалатынын көрсетті. Мұғалімдердің айтуынша, балаларға еңбек сабақтарына бару әлдеқайда қызықты. Мектептегі оқушы қыздар тігін және тамақ дайындауды жан-жақты үйрену үшін барлық мүмкіндіктерге ие болды: технология кабинетінде ең заманауи тігін машиналары, оверлок, манекендер және тіпті өлшем алу бөлмесі бар, ал ас үйде аспаздық қабілеттерін дамыту үшін қажеттінің бәрі тұр. Ұлдар үшін де барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған шеберхана жұмыс жасайды.

интернет (4)

Әр баланың бойында өзіне тән талант жатыр. Бұл мектепте баланың бойындағы икемін көрсетіп, оны одан әрі дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде, мектеп оқушыларының, болашақта кім болғысы келетінін анықтауға мүмкіндігі мол. Жоба мұндай мүмкіндіктерді тек оның аясында жаңартылған мектептерге ғана беріп қоймайтындығын атап өткен жөн. Жобаға енгізілген әр мектепке жақын маңдағы шағын елді мекендерден бірнеше "магниттік мектептер" деп аталатын білім ошақтары бекітілген. Соның арқасында күн сайын №5 Ақсай мектебіне осы ауылдардан оқушылар келіп, STEM - кабинетте немесе робототехника кабинетінде жұмыс істеуге, бейнерепортаждар түсіруге және телестудиядан тікелей эфирлер жасауға немесе арт-студияда жаттығуға мүмкіндік бар. Бұл жобаны іске асыру ауыл балаларына дұрыс және сапалы білім алуға мүмкіндік беретінін асыра айтпай-ақ, оқушылар мен ұстаздардың пікірлерін тыңдап көрелік.

Махаббат Әбдешева, 10-сынып оқушысы.

- Маған STEM кабинетінде жаттыққан өте ұнайды. Жаңа нәрсені үйрену, әртүрлі технологиялармен танысу, зерттеу жүргізу мен үшін әрдайым қызықты. Қазір мен ғылыми жобамды қорғауға дайындалудамын. Осындай мүмкіндіктердің арқасында біз өз өзімізді дамып қана қоймай, танымал болуға да мүмкіндік аламыз, өйткені біз әртүрлі байқауларға қатысып, қазірдің өзінде жүлделі орындарға ие болып жүрміз.

Эльвира Өтепберген, биология пәнінің мұғалімі:

- Бұл жоба аясында біз, мұғалімдер, тамаша жағдайда жұмыс істеуге, ал балалар - оқуға мүмкіндік алды. Барлық жағдайлар жасалған, кабинеттер техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған, кәсіби біліктілікті арттыруға, кейін тәжірибемен бөлісу зор мүмкіндік бар –бұлардың барлығы бізді ынталандыра түседі және талпынысымызды ерекше арттырады.

Гүлмира Сембиева, мектеп директоры:

Бізге өте сәтті жағдай туды. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы сапалы білім алуға, оқушыларды патриоттық тәрбиелеуге, педагогикалық ұжымның әлеуетін дамыту үшін шынымен қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Біз бұл жобаның қатысушысы болғанымызға және Beeline біздің мектепті таңдағанына қуаныштымыз. Мұндай жобаларды бизнестің қолдауының маңыздылығын асыра бағалау қиын. Балалардың дамуына қосқан үлес - бұл болашаққа нақты және өте маңызды инвестиция, бүкіл қоғамымыздың дамуына қосқан елеулі үлес деп білемін.

Лилия Сисенбаева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале