29.01.2024, 20:00
Оқылды: 53

Соңғы 3 жылда Қазақстанның пойыздарында қанша сәби дүниеге келді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ соңғы үш жыл ішінде пойыздарда дүниеге келген сәбилер туралы мәлімет жариялады», - деп хабарлайды Казинформ

train-6907884_1280

Фото: pixabay.com

«2021 жылдан 2024 жылға дейін пойыз ішінде 11 сәби дүниеге келді. Ондай сәтте жолсеріктер, жылжымалы құрам қызметкерлері, пойыз бастықтары босануға тікелей қатысады»,- деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай, пойыз бригадасының қызметкерлері қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсетеді және олар арнайы курстан өткен.

Айта кетейік, биыл 9 қаңтарда ақтөбелік келіншектің «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызда босанғаны туралы хабарлаған едік.

«Мен балам үшін қатты қорықтым. Алайда пойыз қызметкерлері маған осындай жағдайда көмек көрсетіп, жанымнан кетпей, аман-есен босануыма септігін тигізді. Бұл күн біздің отбасымыз үшін естен кетпес сәттердің біріне айналды. Енді қызым есейген кезде бұл ерекше оқиғаны айтатын боламыз», - деді жас ана Айнагүл Тілеубергенова.

Ата-анасы дүние есігін ашқан нәрестенің есімін Малика деп қойған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале