30.01.2024, 10:00
Оқылды: 75

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл салынды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалына жалған ақпарат бергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады.

ЖП казтрансгаз

Департамент қызметкерлері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартындағы тауарлық газға ақы төлеу талаптарына қатысты өтінішін қараған. Соның аясында «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалына сұрау хат жолдаған. БҚ өндірістік  филиалы шарт талаптарының ҚР-ның барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылары үшін бірыңғай екені туралы ақпарат берген. Алайда департамент мамандары филиалдың монополияға қарсы құрылымға дұрыс емес және жалған ақпарат бергенін анықтаған. Өйткені кейбір коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен жасалған шарттарды іріктеп талдау кезінде талаптардың басқа редакцияда жазылып, әр түрлі шарттың қолданылғаны белгілі болған.

Осыған байланысты құзырлы мекеме «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына қатысты монополияға қарсы құрылымға жалған ақпарат беру фактісі бойынша  ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 162-бабымен  «Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу» әкімшілік іс қозғады. Орал қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, сот ӘҚБтК-ның 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған құрылымның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысы­на шағымды, наразылықты, қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар», салынған айыппұл сомасын 30%-ға дейін, яғни 3 864 000 теңгеге азайтты. Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.

Айна Имашева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале