Оралда орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлер алғашқы рет Оралда орналасқан түзету мекемелерін күзету үшін жауынгерлік қызметке шықты.
5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өткізілді. Шара барысында әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, жауынгерлік қызметте қырағы болуға шақырды.
Айтулы шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып жас жауынгерлердің алдағы жауынгерлік қызметтеріне толағай табыс тіледі.
Айта кетейік сарбаздар алдағы бір жыл бойы Оралда орналасқан түзету мекемесін күзетеді.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қызметінің
баспасөз қызметі