Орал халықаралық әуежайында арнайы техника паркін жаңарту жалғасып жатыр. Бұл жолы арнайы техника паркі КАМАЗ базасындағы жаңа құрамдастырылған жол машинасы алынды.
Бұл машинаны қыста да, жазда да пайдалануға болады. Оның тез алынатын қайырмасы, сыпырғыш қылшағы және көктайғаққа қарсы реагент шашатын құралы бар.
Түнде жұмыс қауіпсіз жұмыс жасау үшін қайырмада екі жақты жарық шам және төрт жарық қайтарғышы бар. Сондай-ақ негізгі автомобильдің габаритінен шығып тұрған қайырманың шетіне сигналдық элементтер орнатылған.
Еске салайық, жыл басынан бері бұл Орал әуежайында пайдалануға берілген үшінші жаңа техника. Бұған дейін әуеайлақ жабындыларын және ұшу алаңының барлық аумағын қардан тазарту кезінде пайдаланылатын жаңа фронтальды тиегіш және КАМАЗ базасындағы өрт сөндіру автомобилі іске қосылды.
Айнагүл Сакпусунова,
баспасөз қызметінің басшысы