Бүгін жазушы және драматург Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толды.
Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Фото: t.me/aqparatqogam/
Жазушының ең танымал шығармасы – «Ақан сері» дилогиясы. Романда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көшпенді қазақтың әлеуметтік өмірінің жарқын көріністері, тұрмысы мен әдет-ғұрпы суреттелген.
Сәкен Жүнісов драматург ретінде де танымал. Ол 17 пьесаның авторы. 1967 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Сәкен Жүнісовтің «Өлімнен күшті» пьесасы бойынша спектакль қойды.
Жазушы көркем аудармамен де айналысты. Ол П.Федоровтың «Синий шихан», Стефан Цвейгтің «Письмо незнакомки» новелласын, Олесь Гончардың «Перекоп» романын қазақ тіліне аударған.
Қарымы қуатты қаламгер 2005 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.