5.02.2024, 12:30
Оқылды: 71

БҚО-да өз үйінде өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

 3 ақпан сағат 09.00 шамасында Бәйтерек ауданы Достық ауылында өз үйінде бетіне көптеген жарақат келтірілген ер адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі  хабарлады.

WhatsApp Image 2024-02-05 at 13.15.47
Сол күні аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қолданылған шаралар барысында аталған қылмысқа қатысы бар 1990 жылы туған жігіт анықталып, ұсталды.

Тергеудің болжамды мәліметтері бойынша, оқиға алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде болған және ер адамдар арасында жанжал туындаған. Бұл қылмысқа күдікті өз кінәсін мойындады.

Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы Приурал Пб-нің УҰИ-на қамауға алынды.

Тергеуді БҚО Бәйтерек ауданы Приурал Полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале