8.02.2024, 16:00
Оқылды: 71

Ардагерлер ел өміріне енжар қарамайды

Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінде ардагерлер жиыны өтті.

ардагерлер 3

Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, Мереке бастауыш ұйымының төрағасы Едіге Қойшығұлов, Мереке ауылдық округінің әкімі Мэлс Нарыков, округ ардагерлері мен мекеме басшылары қатысты.

Басқосуда Мереке ауылдық округінің түйткілді мәселелері, қазіргі ата-әжелердің қоғамдағы рөлі, қасиетті Рамазан айын өткізу және садақа беру мәселелері талқыланды. Жиын барысында аға буын өкілдері талқыланған мәселелерге пікірін айтып, ардагерлер ұйымының жұмысына сәттілік тіледі.

 – Әрине, ата-әженің рөлі қоғамда үлкен маңызға ие. Жалпы, жастардың тәрбиесіне баса назар аударып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін әрқашан насихаттап жүруіміз қажет. Өткен жылы өткізілген іс-шаралар мен атқарылған жұмыс жылдан-жылға жалғасып, жастарға ата-әжелердің айтар ақылы таусылмасын деп тілеймін! Ардагерлер, ақсақалдар, қариялар мен қарттар аман болып, елді татулыққа, тыныштыққа, бейбітшілікке шақырып, тек жақсы сөз, жақсы істерді үлгі етіп, айтып жүрсе ғана бүгінгі толқын келешекте кемел қоғам қалыптастыра алатыны сөзсіз. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» демекші, ұлтымыз қашан да қарттарына құрмет көрсетіп, ерекше көңіл бөлген. Қарт азаматтардың тұрмысын жақсарту ардагерлер кеңесінің басты бағыты болып қала береді. Ардагерлерді ел өміріне енжар қарамай, белсене жұмыс істеуге шақырамын, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Абылғалиұлы.

Қарты бар елдің қазынасы бар. Қазақ халқы үлкеннен ұлағат алып, қашан да құрмет көрсете білген. Тілеуі адал, арманы татулыққа айналған ардақты жандар қазір де қарттықтың құнын көрсетіп, бір елдің ұйытқысына айналып отыр. Қолда бар алтынның қадірін білуіміз керек. Ауданның дамуына елеулі үлес қосқан қариялар елге әрдайым үлгі. Ғибратты ғұмыр кешіп, еңбегімен елге танылған қазыналы қарттарымыздың өмір жолын көпке үлгі етуіміз қажет.

Тәрбиелік мәні зор кездесу барысында зейнеткер, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шамрат Маюковқа «Ауданның құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ «Талдыбұлақ» ШҚ басшысы Жұмағұл Мұқановқа зейнет жасына толуына орай алғысхат пен сыйлық берілді.

 Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале