Жалаңтөс батыр туралы дерек өте көп. Соның бірі - Жалаңтөс батырдың Самархан әмірі кезінде жоңғарларға қарсы қазақ хандарымен одақтас болып жоңғарларды жеңіліске ұшыратқаны жазылса, екінші зор еңбегі өз дәуірінде сәулелі сарайлар мен күмбезді мешіт ғимраттарының құрылысын тұрғызғаны айтылады.
Көрнекі фото
Айталық, бір деректе Жалаңтөс батыр 1643 жылы Жетісуға басып кірген Батыр қонтайшымен соғысып жатқан Жәңгір ханға 20 мың әскерді көмекке жіберіп, басқыншыларды талқандауға үлес қосқаны белгілі.
Әсірісе, Жалаңтөс батырдың архитектура саласындағы еңбегі енді ғана жазыла бастаған сәулет өнеріндегі үлестерінің бірі. Зерттеуші академик М. Массон: «Әскери өнер мен құрылыс өнерін жетік меңгерген Жалаңтөс батыр өзіне келіп жатқан ағыл-тегіл сыйлық пен байлыққа әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарханда үлкен құрылыс, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады», - деп жазды.
Расында Жалаңтөс батыр салдырған Самарханның орталығы Регистандағы «Ширдар» (Арыстан медресесі) медресесі мен «Тилла-Кори» (Алтынмен апталған) медресесі бүгінде Шығыстың сәулет өнерінде ерекше орынға ие.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)