7-10 ақпан аралығында Беларусь мемлекетінің астанасы Минск қаласында Беларусь президентінің жүлдесі үшін самбо күресі мен қатар жауынгерлік самбо спортынан халықаралық турнир ұйымдастырылды.
Аталмыш бұл сайысқа Армения, Беларусь, Болгария, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген 200 ге жуық спортшы қатысып, 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.
Сондай-ақ, бұл сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Тұрымбет Арман Нағашбайұлыда өз бағын сыныған болатын. 58 келі де бақ сынасқан Ұлттық ұлан жауынгері сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды иеленіп еліміздің абыройын асқақтатты. Жарыс соныңда жүлделі орын алғандарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі