13.02.2024, 11:00
Оқылды: 62

Шаттық сыйлаған есім

Ерекше есім

Бүгінгі «Ерекше есім» айдарының қонағы – Ұлбазар Нұрмаханова. Ол облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ның медиация және соттан тыс татуластыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етеді.

Улбазар

Ұлбазар Қасымбекқызы – Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай ахун ауылының тумасы. Отбасында бес қыздың кенжесі.

Қызғалдақтай құлпырған қыздарын әлпештеп отырған ата-анасы мен асыл әжесі «Бір ұл болса...» деп армандаған екен.

– Әкем Қасымбек – атақты механизатор болған азамат. Анамның маған аяғы ауыр кезінде әкем Кентау қаласына іссапарға барған екен. Сол қалада тұратын апайының үйіне тоқтап, қонақ болады. Таныса келе, көрші апайдың есімі Ұлбазар екенін, соңынан інісі ергенін естиді. Әкем сол сәтте осы есімді қатты ұнатып, «Енді жарық дүниеге көрінетін перзентіме осы есімді қоямын» деп ұйғарады. Осылайша маған Ұлбазар деп ат қойыпты. Халқымыздың өзіне тән ырымы, наным-сенімі бар ғой. Ата-анамның ізгі ниеті қабыл болып, менен кейін інім өмірге келді. Шаңырағымыздың шаттығы еселене түсті. Әкем мені «жекеменшік қызым», «майқұйрық» деп, өзге қыздарынан ерекше жақсы көрді. Ал ініме бес апасына қамқор, қорған болсын деп, Қорғанбек деп ат қойды. Бүгінде інім алтын асықтай төрт ұл мен сүйкімді қыздың әкесі, – деп сол бір тәтті күндерді сағынышпен есіне алды есімі ерекше кейіпкеріміз.

Айна Имашева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале