14.02.2024, 11:30
Оқылды: 22

Салық өлді дегенше...

Осы бір халық ауызында жатталып бүгінге жеткен «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» деген сөздің мағынасын қаншалықты ұғынып жүрміз.

жп дала

 Көрнекі фото

Алғашында хан ордасында ашылған орыс-қазақ мектебінде оқыған Салық Бабажанов кейін Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқиды.

Кейінгі 1844-1851 жылдары кадет корпусында білім алған Салық Бабажанов оқуын бітіріп елге келіп, шығармашылықпен шұғылданып Орал, Еділ, Жайық, Сырдария және Каспий теңізі жағалауларын жайлаған қазақтардың тарихына, салт-дәстүріне, рухан өміріне зер салып, зерттеушілік жұмысПен айналысады.

Ресей отаршылдығын көзімен көріп, түйсігімен ұғынған Салық Бабажанов өлерінде менің сүйегім қазақ жерінің шекара белгісі болсын деп аралықтағы орынға қоюды өтінеді. Ел ішінде Кеңес өкіметі тұсында бөкейліктің жері Салық жатқан жермен өлшенді деген әңгіме бар.

Осылайша қырық жыл өмір сүрген Салық Бабажанов артына георгафиялық-этнографиялық мол мұра қалдырған ғалымдарымыздың бірі ретінде тарихта қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале