15.02.2024, 17:45
Оқылды: 27

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті»: Ауған соғысына – 35 жыл

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Майдандағы сурет

Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды.

Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азамат елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.

Осыған орай ауданымыздан әскерде жүрген жерінен ауған соғысына аттанған Эльдар Рауфұлы Валитовтың әңгімесін тыңдап қайтқан болатынбыз:

– 1968 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылында дүниеге келдім. Отбасында баланың үлкені болдым. Жаңақазанда «Киров» атындағы мектепті 1986 жылы бітіріп, сол жылдың күзінде әскерге кеттім. 1986 жылы Атар қаласына әскер қатарына алынып, сол жерде алты айдай оқуда болдым. Бұрынғы Панфилов қазіргі Жаркент қаласында тағы да дайындық жұмыстары болып, бір ай БТЭР яғни, механик жүргізуші мамандығын оқытты.

Содан Бішкек қаласына осы мамандық бітіргендерді жинады. Үш жүз отыз балаға толтырған соң пойызбен Ташкентке апарды әрі қарай бәрімізді бір түнде бір ұшаққа тиеп Ауғанстан астанасы Кабулға келдік. Пунктке келіп түскесін бәрімізді жан-жаққа бөліп тастады.

Мен Газниге түстім 191-ші мотоатқыштар полкы, 3 ботальон, 9 ротаға түстім. Содан БТЭР 89 көлігін айдауға берді. Бұл аса құпия соғыс болды. Менде қатысып көзіммен көргенмен не үшін болғанын нақты айта алмаймын. Ауған соғысы – «ашық аспанға» үйірілген бұлт, ноқат, таңба болғандықтан оны жасырып, жабулы қазан күйінде ұстағысы келдіБарар кезде бәрімізді жинап айтып ескертті. Жалпы мақсаты нақты түсіндірілмеді, әйтеуір соғысқа баратынымызды өзара түсіндік.

Медаль беріп жатқан кезі

Жастықтың жалыны болғасын ба, қорқу, үрей деген бойымызда болмады. Қайда апарса да көндік. Әскерге кетіп, ауған соғысынан шығатынымыз тіпті ойымызға кіріп те шықпады. Кетер кезге келіп, барасыңдар деген уақытта ел үшін жан пида дегеннен басқа ұранымыз болмады. Аман-есен ата-ана, бауырларымызға қауышсақ деп тілеп жүрдік. Сол Газниге түскеннен кейін көлік жүргізуші болып, әскери қызметкерлерді тасымалдап жүрсемде жауынгерлік әрекеттің үшеуіне, сегіз калонаға қатыстым. 1988 жылы Хост деген жердегі ең қатты естен кетпестей шайқас болды. От пен оқтың ортасында қан майданның қақ тұсын да көрдік.

Жауынгерлік операцияда жүргенде ең қинағаны – су тапшылығыЖуынбақ түгілі бір жұтым суға зар болған күндеріміз болды. Полкқа келгенде судан көп тапшылық көрмедік, бірақ полкқа келуге уақыт бола бермейтін. Соғыс кезі болғасын ешқандай жеңіл нәрсе жоқ әринешайқас үстінде қаза тапқан бауырларымызда аз болмады.

Өрімдей жастар қыршыннан қиылды. 1988 жылдың маусым айында әскердің тең жартысын Пәкістанға қарай шығара бастады. Ішінде біздің полкта бар болатын. Термезге түсіп, көлікті тапсырып, бірнеше күн сол жерде болып, көпірден өткізіп Петропавл Камчаткіге келдік. Сол жерден күздің қараша айына дейін әскери борышымды өтеп бітірдім. Әрине, аман-есен шыққанымызға қуандық. Қазіргі таңда бұлардың бәрін есіме ала отырып, шүкіршілік етемін.

Ғаламтордың дамыған заманында WhatsApp желісі арқылы хабарласып, бір-біріміздің қал-жағдайымызды сұрап отырамыз. Орал қаласында он едік.

Екеуі о дүниелік болып, қазіргі таңда сегізіміз етене араласамыз. Бас қосыпсол кездердегі қиыншылықтарымызды айтып, өткен кезді есімізге алып тұрамыз. Жыл сайын  атаулы күнде Ауған соғысының ардагерлерін елеп-ескеріп жатадыӨсіп келе жатқан өскелең ұрпақ білімді, қажырлы, өркениеті дамыған заманның ұландары болсын. Өр рухты, өжет мінезді батыр ұлдарымыз көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» - деп ауған ардагері сөзін ізгі тілегімен түйіндеді.

Ауғанның асуында от кешкендер (1)

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды тыңдау бір ғанибет.

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале