1 ақпандағы мәліметке сүйенсек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 62,5 мың адам қатыстқан. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
52,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 19,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 33,4 мың адам орналастырылды.
Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 1,8 мың адам, жастар практикасымен 1,2 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 27 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 788 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 8 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,6 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 6,5 мың жұмыссыз қамтылды. Оның ішінде 5,7 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 3,2 мың адам қамтылды, оның ішінде 1,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 13,8 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.