4.09.2016, 12:43
Оқылды: 36

Оралда жарыс жолына 2500 адам шықты (ФОТО)  

FB_IMG_1472969455523Бүгін Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған марафон өтті. Қала күніне арналған шаралар аясында өткізілген спорттық жарыс Абай алаңынан бастау алып, Достық, Еуразия даңғылдарының, Шаған жағалауы көшелерінің бойымен П.Атоян стадионына дейін 3000 метр қашықтыққа жүгірді.  


FB_IMG_1472969441530Жарыс жолына 2500-ден астам оралдық шықты. Олардың қатарында БҚО әкімі Алтай Көлгінов, мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ біздің олимпиадашылар, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова болды.

Марафоншыларға облыс басшысы Алтай Көлгінов сәттілік тіледі.

FB_IMG_1472969494178Жарыс соңында қатысушылар бес аталым бойынша марапатталды. 80 қызметкері қатысқан «БҚО бойынша Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ “Ең үздік спорттық ұйым” деп танылса, Наргиза Мирзоеваға «Ең креативті қатысушы» аталымы берілді. Келязевтер жанұясы «Спорттық отбасы», жеті жасар Ибрагим Жетпіс «Ең жас қатысушы», София Иманғалиева «Ең ересек қатысушы», Сандуғаш Жұмағұлова «Ең нәзік қатысушы» аталымдары бойынша марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Фото Айбатыр Нураш

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале