26.02.2024, 17:52
Оқылды: 58

Жәнібек ауданындағы қыстақтардың халі қалай?

Мал бақсаң, аянбай бақ. Иә, шындығында нағыз еңбектің қызған шағын малшы қауымынан артық ешкім біле бермес. Күннің суығында «малым – жанымның садағасы» деп бекінген олар әр кезде қатігездік танытатын мезгіл мінездерін елей бермейді. Көптеген сынаққа шыдап бағады. Ал оларды қолдауда артта қалып жатқан жоқпыз ба?

InShot_20240226_173927113

Дәл осы сұрақ қойылғанда Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешевтің қыс бойы шалғайдағы қыстақтарды аралап, шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдағаны ойға оралады.

InShot_20240226_173957090

Таяуда олар қыстақ мәселесі бойынша Күйгенкөл ауылына сапарға шықты. Бүгінгі таңда ауылдағы 27 далалық мал қыстағында жол аршу, қардан тазалау сияқты жұмыс жалғасып жатыр. Мирболат Бауыржанұлы мен Нұрболат Зұлпықарұлы Өнеге елді мекеніндегі «Айдын» шаруа қожалығына бассұғып, жетекшісі Нұрымбек Шегіртаевпен, «Қабес» қожалығының жетекшісі Жылқыайдар Әбішевпен, «Саясат» қожалығына жауапты Саясат Молдамұратовпен, «Бекнур» шаруашылығының жетекшісі Асылбек Ысқақовпен, «Отарғали» шаруа қожалығының жетекшісі Отарғали Қайыровпен пікірлесті. Мал қыстағының өтуі бір қалыпты, техникалары бар, электр жарығымен қамтылған. Сондай-ақ аудан әкімі Тимур Шиниязовтың лездемелік тапсырмасына сай Күйгенкөл ауылдық округі, Жасқайрат ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндіру бойынша жиындар өткізілді. Іссапар барысында Өнеге ауылына аялдап, биыл құрылған «Ауыл аманаты» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Мирболат Танкишев пен ауыл тұрғындарымен жүздесті.

Кездесуде АШӨК басшысы Мирболат Базарбайұлы өз кооперативіне мүшелікке ауыл тұрғындарын, шаруа қожалықтарын қосылуға шақырды.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале