3.03.2024, 17:00
Оқылды: 62

Сырым ауданында аналарға құрмет көрсетті

Сырым аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Сырым ауданы филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды» атты әйел-аналармен кездесу кеші өтті. Іс-шараға мәдениет саласының ардагер аналары, ардагер ұстаздары шақырылды.

IMG-20240301-WA0358

Шара басталар алды мерекелік безендірілген мәдениет үйінің фойесіне музей, кітапхана көрмесі, Сырым ауданының «Құрметті азаматшасы» атағын алған аналардың фотогалереясы қойылды.

IMG-20240301-WA0360

Ардагер аналарды аудандық мәдениет саласының қызметкерлері ақ дәммен, бауырсақпен қарсы алып, гүл шоқтарын тарту етті.

IMG-20240301-WA0361

«AMANAT» партиясы Сырым ауданы филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихат депутаты Айнагүл Ойшыбаева, М.Есламғалиев атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахметова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов қатысты.

IMG-20240301-WA0359

Кездесуде ардагер ұстаздар Айкөркем Қонақбаева, Сырым ауданының «Құрметті азаматшасы» Гүлбақша Ерғалиева, кітапхана саласының ардагерлері Раушан Хасанова, Мәлика Ихсанова, Зоя Мұханбетқалиқызы, мәдениет саласының ардагері Гүлсім Шахина, Айгүл Кеңесқызы әсерлі әңгіме, естеліктерімен бөлісті.

«AMANAT» партиясы Сырым ауданы филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев құттықтау сөз сөйлеп, партияға мүшелікке енген нәзік жандыларға партия билеттерін табыс етті.

Әсем әндер әуелеп, күй күмбірлеп, би биленді. Өмірі өнеге аналарға естелік сыйлық табыс етілді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале